Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дипломат, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай Алматы қаласында Д. А. Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағзым ету шарасына Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, Халықаралық Д. Қонаев қорының президенті Эльдар Қонаев, М. Әуезов музейінің директоры Дияр Қонаев, Дінмұхамед Ахметұлының қызметтестері мен туған-туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шара барысында сөз сөйлеген Эльдар Асқарұлы:
Сондай-ақ іс-шара аясында РМК «Ғылым ордасы» академиясы атынан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа қатысты барлық ресми құжаттар Д. А. Қонаев музейінің қорына табысталды. Бұл құнды мұра ұлы тұлғаның саяси, ғылыми және қоғамдық қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шараға жиналған қонақтар үшін Д. А. Қонаев музейі мен мемориалды пәтер-музейінде арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, музей қызметкерлері Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолы, ел басқарудағы кемеңгерлігі мен адамгершілік болмысы туралы тың деректермен бөлісті.
Дінмұхамед Қонаев – халқының жүрегінен орын алған, елінің болашағы үшін аянбай қызмет еткен біртуар Ұлы тұлға. Оның парасатты саясаты, қарапайымдылығы мен әділдігі бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, ал есімі – қазақ халқының тарихи жадында мәңгі өшпес жарық жұлдыз болып қала береді