Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарасай ауданында Дінмұхамед Қонаев жүлдесіне арналған спорттық дода өтті

Қарасай ауданында Дінмұхамед Қонаев жүлдесіне арналған спорттық дода өтті

Бүгін Қарасай ауданы «GULNAR BAQ» демалыс және спорт базасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен және жағажай волейболынан Алматы облысының ашық турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын оның кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы оқып, ел президентінің арнайы тілегін жеткізді. Президенттің құттықтау сөзінде: 

«Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев – Қазақстанды ұзақ жыл басқарып, елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Халқына адал қызмет етіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Халқымыз ұлы тұлғаның елге сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпайды. Қапшағай қаласының Қонаев болып өзгертілуі – соның айқын дәлелі. Ардақты азаматтың өмір жолы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болары сөзсіз» - делінді.

Сонымен қатар, аталған шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы, мемлекет қайраткерлері және еліміздің өнер, ғылым, құрылыс, әскери саладағы белгілі азаматтары қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Бірнеше жыл қатарынан осы жарыстың ұйымдастырылуына мұрындық боп келе жатқан генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев сахнадан барлық қонақтарға алғысын жеткізді. Сонадй-ақ, Амангелді Смағұлұлына Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

Волейбол жарысына биыл 32 команда қатысса, бәйгеге еліміздің барлық аймағынан сәйгүліктер сайысқа түсті.

Жарыс нәтижесі төмендегідей.

Топ бәйге (15 шақырым)

І. Роза аты - иесі Мерхат Бұлғынов (Алматы облысы, Талғар ауданы)

ІІ. Бұлбұл аты - иесі Арыстан Күдебаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)

ІІІ. Баян аты - иесі Әли Нұрмұхаметов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

Аламан бәйге (25 шақырым)

І. Айсуат аты - иесі Бақытбек Мырзабаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)

ІІ. Падиша аты - иесі Әлімтай Молдасеитов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

ІІІ. Саудия аты - иесі Наил Фахриев (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

Жеңімпаздарға автокөлік кілті, ал жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етілді.

Спорттық шара аяқталған соң 2000 адамға ас берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды