Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Алматыда Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсімге қолбасшының туыстары, әскери қызметшілер, зиялы қауым өкілдері, ҰҚК Шекара академиясының курсанттары және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Еске сала кетейік, «Халық Қаһарманы» атағы Бауыржан Момышұлына Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №1137 Жарлығымен берілді.

Іс-шара барысында қатысушылар Бауыржан Момышұлы тұлғасының тарихи маңызын, оның әскери іске және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесін, сондай-ақ құрметті атақтың берілуіне қоғам тарапынан жоғары қолдау болғанын атап өтті. Рәсімнің ресми бөлігінен кейін ҰҚК Шекара академиясының курсанттары салтанатты саппен өтіп, әскери құрмет көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады