Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қонаев қаласында алғаш рет “Офицерлер балы” өтті

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  Қонаев қаласында алғашқы рет «Офицерлер балы» ұйымдастырылды. Игі бастама ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – әскери азаматтарды әдептілікке, ұстамдылыққа баули отырып, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін арттыру, жас офицерлердің жоғары білімі мен жоғары мәдениетін көрсету.

Жалпы, офицерлер балы – әскерилер арасында ежелден қалыптасқан үрдіс. Қай заманның әскерилері болмасын, жылына бір мәрте бас қосып, салтанатты кеште би билеп, көңіл көтеруді міндет санаған. Жоба әскери қызметшілердің бірнеше ұрпағын, оның ішінде кадет сыныптарының оқушыларын, түрлі ведомстволардың әскери қызметшілерін және Қарулы Күштердің ардагерлерін бір ортаға біріктірді.

Іс-шараға тек үздік деп танылған 25 офицер іріктеліп алынды. Әдетте қатаң тәртіпке бой үйреткен офицерлер бұл кеште ару қыздармен бірге вальс билеп,эстетикалық әдеміліктің үлгісі бола білді. Сондай-ақ,вена вальсі мен ерекше концерттік бағдарлама кештің сәнін келтірді.

Мерекелік шараның соңында кештің "Ханзадасы мен ханшайымы" номинациясының жеңімпаздары болып Нұрқас Мадияр мен Бекбосынова Айнұр лайықты деп танылса, ал "Көрермен көзайымы" номинациясын Мадихан Айдар мен Ержанова Мөлдірге бұйырды. Шара соныңда жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіліп, тәж кигізілді. Осындай тарихы тереңде жатқан мерекелік шараға жиналған қала жұртшылығы кештен ерекше  әсер алып қайтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді