Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің орындалуы талқыланды

Алматыда Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің орындалуы талқыланды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбатында айтқан даму басымдықтарын іске асыру мәселесіне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент сұхбатында елдің жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап, оның өзегі азаматтардың өмірінде нақты өзгерістер жасауға бағытталғанын баса айтқан болатын. Осыған байланысты өңірлердің басты міндеті – реформаларды нақты іспен толықтырып, оларды нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге айналдыру.

Кеңес барысында шағын және орта бизнесті дамыту, туризм, әлеуметтік қолдау және білім беру жайы қаралды. Бұл бағыттар халықты жұмыспен қамтуға, табысының өсуіне және қалалық ортаның сапасына тікелей әсер етеді.

Дархан Сатыбалды Алматының кәсіпкерлікті дамытуда көшбасшы орнын сақтап отырғанын жеткізді. Қалада шамамен 405 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл елдегі барлық ШОБ-тың 18 пайызы. Шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосып отырған үлесі 60 пайызға жетсе, осы салада еңбекке жарамды тұрғындардың 90 пайызына жуығы жұмыспен қамтылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тан 1,2 трлн теңге салық түсімі түскен.

Туризм саласында Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалады. 2025 жылдың тоғыз айында туристер саны 8 пайызға артып, 1,9 млн адамға жетті, көрсетілген туристік қызмет көлемі 17,3 пайызға өсіп, 82,4 млрд теңге болды. 2026 жылы туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жоспарланып отыр, оның ішінде 350 шақырым тау соқпағын көркейту көзделген.

Кеңес барысында Нью-Йорк, Мәскеу және Париж қалаларының тәжірибесі негізінде «24/7 қала» моделін енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттыру, қаланың жарықтандырылуы, мәдени және туристік нысандардың жұмыс жайы талқыланды.

Әлеуметтік салада қолдауға мұқтаж азаматтарға мемлекеттік көмектің нақты әрі тиімді жетуіне және масылдыққа бейімділікті төмендетуге басымдық берілді. 2025 жылы қалада әлеуметтік қолдау шараларына 38,8 млрд теңге бөлініп, шамамен 330 мың адам қамтылды. Цифрлық құралдар мен мұқтаждықтың жаңа өлшемдерін енгізу нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2023 жылғы 21 мыңнан 2025 жылы 10 мыңға дейін азайды. Бұл әлеуметтік саясаттың тиімді үлгісіне көшуді көрсетеді.

Білім беру саласында жан басына шаққандағы қаржыландыру және сапалы білім беру қызметіне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды. 2026 жылы Алматыдағы білім беру жүйесін қаржыландыруға 432 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл қаржы мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталады.

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік қызметтің қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және қолайлы қалалық орта қалыптастыру сынды қала басқаруының барлық деңгейінен тұрғындар нақты сезінетін нәтижеге бағытталған айқын ұстанымды талап ететінін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне басым бағыттарды іске асыруда үйлесімді жұмыс жүргізу, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қатаң бақылау және қабылданатын барлық шешімді алматылықтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағыттау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті