Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндегі кеңес өтті

Алматыда ғылым және технология мәселелері жөніндегі кеңес өтті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Әкімдік жанындағы Ғылым және технологиялар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары және жас ғалымдар қатысты. Кеңес Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде инновациялық экожүйені дамыту мақсатында құрылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған міндеттердің өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, жаңа салаларды дамыту және ғылым мен технология үшін қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Жаһандық өзгерістер жағдайында Алматының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Жиында жасанды интеллект тақырыбына айрықша назар аударылды. Ел Президенті арнайы министрлік құру және AI технологияларын экономиканың барлық саласына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен болатын. Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұл бастама Алматы үшін стратегиялық маңызға ие. Елдегі 254 инновациялық компанияның 52-сі осында орналасқандықтан да қала - еліміздің жетекші IT-хабы саналады.

«Бұл Алматының жаңа технологияларды енгізу мен сынақтан өткізу әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, цифрлық технологиялардың экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамытуға зор мүмкіндік ашатыны аталды.

Маңызды бағыттардың бірі – кадр даярлау. Әкімнің айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту оқу бағдарламаларын өндірістің нақты сұраныстарына сәйкестендіруге жол ашады. Ал ғылымды коммерцияландыру «еңбек өнімділігін арттыруға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді».

Алматыдағы ғылыми қызметтің негізгі бағыттары ретінде экология, сейсмика, зияткерлік әлеует, инфрақұрылым және көші-қон үдерістері айқындалды.

«Қалада жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін жергілікті ғылыми институттар мен ғалымдардың қолданбалы зерттеулері мен идеяларын белсенді түрде енгізу маңызды», – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Жиын бұл мәселелерді жүйелі түрде зерттеп, инновациялық шешімдер әзірлеуді көздей отырып, әлемдік озық тәжірибелер мен отандық стартаптарға сүйенеді.

«Алматы басқа қалаларға үлгі болып, жаңа идеялар мен үздік тәжірибелердің қайнар көзіне айналуы тиіс», – деп түйіндеді қала әкімі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті