Алматы Индустриялық аймағының өндірістік әлеуеті артып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім Дархан Сатыбалды кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, дамуына қатысты басымдықтарын белгіледі. Полиэтилен құбырлары, шыны пакеттері, лак-бояу өнімдері және болат құбырларын шығаратын зауыттарды аралап көрді.Шаһар басшысы қосылған құны жоғары әрі экспорттық әлеуеті зор өндірістерге басымдық беретінін айтты. Жерді тиімді пайдалану мен инвесторлардың алған міндеттемелерін толық орындауына баса мән беріледі. «Индустриялық аймақ тек атау үшін емес, нақты өндірістік серпін беретін аумаққа айналуға тиіс. Біз экономика мен қаланың даму барысында нақты нәтиже күтеміз», – деді Дархан Сатыбалды.Кездесу соңында өнім өткізу нарықтарындағы жұмысты жандандыру, іргелес аумақтарды көріктендіру, шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу мерзімін қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
