Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: елордалық мектепте құқықтық мәдениет тақырыбында дәріс өтті

«Заң және тәртіп»: елордалық мектепте құқықтық мәдениет тақырыбында дәріс өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы №112 мектепте «Құқықтық мәдениет және жауапты азаматтық позиция» тақырыбында оқушыларға арналған дәріс өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға қоғамдық бірлестік мүшелері, қорғаушылар мен істі болған балалардың ата-аналары, ішкі істер саласының маманы, прокурор қатысты.

«Жасыл желкен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлзат Алмажанова есірткі қылмысына қатысты құқықтық ақпараттандыру жұмысына белсенді араласып жүргенін айтады.

«Жастарымызға індет болып жабысып отырған үлкен мәселе – есірткі. Ақшадан қысылып жүрген жастар оңай ақша табудың жолын іздеп, осындай жағдайға ұрынады. Мұның астарында құмар ойынға тәуелділік жатыр. 10 жастан бастап, мектеп оқушылары әртүрлі платформаларда ойын ойнап, кейін әртүрлі автоматтардағы ақша тігетін ойындарға жалғасады. Егер осындай қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарына хабарласуы керек. Немесе жақындарына айтып, жағдайды ушықтырмай шешуі керек. Бір топ ата-анамен бірге 6 республикалық дөңгелек үстел өткіздік. Бұл бір адамның емес, бүтін бір әулеттің мәселесі. Осылай құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы, ақпараттық қолдаумен қаншама жастың өмірін сақтап қаламыз», – дейді қоғамдық бірлестік төрайымы.

Жиынға қатысқан ата-аналардың бірі 27 жастағы ұлы есірткі тасымалдағаны үшін темір тордың ар жағында отырғанын айтты.

«Ұлым 27 жасында есірткі тасымалы кезінде ұсталды. Қазір түрмеде отыр. Инстаграмнан 24/7 жұмыс істейтін куратор қажет, жалақысы аптасына 500 мың теңге деген хабарландыру көреді. Telegram-ға сілтеме жібереді. Жеке куәлігін сұрайды, солай есірткі тарататын жұмысқа кіреді. Ақша үшін осындай қадамға барып отыр. Ұлым осындай қадамға барады деп ойлаған жоқпын. Жоғары білімі бар, Шет тілдер университетін бітірген, жұмысы бар. Бірақ ол жерге бір кірген адамды олар оңайлықпен жібермейді. Жақындарының суретін жіберіп, қорқытып ұстайды. Мен ана ретінде ұлымның есірткі тасымалдағаны үшін ұсталғанын естігенде, 3 күн бойы төсектен тұра алмадым, тамақ ішпедім. Мен үшін бұл үлкен күйзеліс туғызды. Содан кейін «балама қалай көмектесемін?» деп іздене бастадым. Алғашқы екі айда баламның темір тордың арғы жағында екенін қабылдау ауыр болды. Балаларымыз осындай қадамға барардың алдында ата-анасына қаншалықты қиын болатынын түсінсе екен. Бала - біздің жүрегіміз, өміріміз» – деді жиынға қатысушылардың бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті