Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Интернетке тәуелділік және құмар ойындар: қазақстандық балаларды қалай қорғауға болады?

Интернет пен құмар ойындарға тәуелділігі бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әлеуметтік жоба интернетке тәуелділік, құмар ойындар, балалар мен жастар арасындағы кибербуллинг сияқты үш маңызды мәселенің алдын алуға бағытталған. Сарапшылар тобының құрамына психологтар, заңгерлер және әлеуметтанушылар кірді. Олардың барлығы әлеуметтік жобаның тақырыбын зерттеумен айналысты.

Сондай-ақ, арнайы Telegram-арна іске қосылды.

«Біз осы тақырыпқа бей-жай қарамайтын белсенді балалар қауымдастығын құрдық. Олар арнайы оқытудан өтіп, қазір әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы мониторинг жүргізуде», - дейді "Жас Ұлан" үкіметтік емес ұйымының басшысы Динара Сәдуақасова.

Жобаның тағы бір бағыты – құмар ойындарға деген тәуелділіктің алдын алу. Оған құмар ойындарға деген құмарлық сезім мен компьютерлік ойындарға деген патологиялық тартымдылық тән.

Жоба аясында қоғамдық бірлестік қысқа метражды фильмдер байқауын да өткізді.

Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру кезеңінде еліміздің 17 өңірінің мыңнан астам жас азаматы интернет-тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша оқытудан өтті.

Қазақстанның барлық өңірлерінде құмар ойындарға деген тәуелділік пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында Telegram-арналар іске қосылып, 74 сайт бұғаттауға ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады