Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда азаматтық қоғам мен ұлттық құндылықтарға арналған XII Азаматтық форум өтіп жатыр

Петропавлда азаматтық қоғам мен ұлттық құндылықтарға арналған XII Азаматтық форум өтіп жатыр
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 27 маусымда Петропавл қаласында «Уақытпен үндес үн: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының XII өңірлік Азаматтық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, ұлттық бірлік пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы серіктестікті дамыту.

Форумға өңірдегі ҮЕҰ жетекшілері, Ұлттық құрылтай мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, саяси партиялар, сарапшылар, ғылыми қауымдастық пен БАҚ өкілдері, ҚХА мүшелері, мәслихат депутаттары және белсенді азаматтар қатысуда.

Форум аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған:

- Азаматтық қоғамның ұлттық бірегейлік пен әділдікті нығайтудағы рөліне арналған пленарлық отырыс;

- «Үздік ҮЕҰ» атағына ұсынылған 13 жобаны қамтитын ҮЕҰ көрмесі;

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ҮЕҰ-ға қатысты заңнамаларды жетілдіру жөніндегі диалог алаңы;

- Азаматтық қоғамды дамытуға арналған тәжірибелік мастер-класстар;

- ҮЕҰ көшбасшыларына арналған әлеуметтік көшбасшы, мемлекетпен серіктестік, қоғамдық өзгерістерге заманауи көзқарас тақырыбында оқыту бағдарламалары.

Форум барысында өңірлік бастамаларды қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамның түрлі өкілдері арасында тиімді серіктестік орнату жолдары талқылануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті