Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды

Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада коммуналдық қызметтер қыс мезгілі басталғалы бері тәулік бойғы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Боран мен қолайсыз ауа райына қарамастан, қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде қала аумағынан 51 мың текше метрден астам қар 3 782 рейс арқылы арнайы ауыр жүк көліктерімен шығарылды. 8 қаңтар күні таңертеңнен бастап қар тазалау жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден астам арнайы техника тартылды.

Жалпы қыс мезгілі басталғалы бері қаладан қар полигондарына 1,9 миллион текше метрден астам қар 149 714 рейс арқылы шығарылды.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылуда. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда қар тазалау жұмысы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс та тәулік бойы атқарылуда.

Сонымен қатар, аула аумақтарының тазалығын қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екені атап өтіледі. Аталған ұйымдар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен мұздан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ жүруге, сондай-ақ ауа райы қолайсыз күндері алыс сапарларға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті