Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 1200-ден астам арнайы техника шығарылды

Астанада қар күреу жұмысына 1200-ден астам арнайы техника шығарылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілі басталғалы бері күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде қаладан 819 рейс арқылы 10 мың текше метрден астам қар арнайы полигондарға шығарылды.19 желтоқсан күні таңертеңгі мәлімет бойынша қар күреу жұмысына шамамен 3 мың жол жұмысшысы және 1 223 бірлік арнайы техника тартылған.Қыс мезгілі басталғалы бері елорда аумағынан барлығы 746 мың текше метрден астам қар 57 950 жүк көлігінің көмегімен шығарылды.Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазаланады. Одан кейін қозғалысы орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда қар күреу жұмысы жүргізіледі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен жаяу жүргінші жолдарына техникалық тұз себілуде.Сонымен қатар тұрғын үйлердің ауласындағы тазалықты сақтау пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) міндетіне жатады. Олар қар мен көктайғақты уақытылы тазалап, тұрғындардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етуі тиіс.Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға және ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті