Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер өрт кезінде тұрғындарды құтқарды

Талдықорғанда полицейлер өрт кезінде тұрғындарды құтқарды
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда өрт кезінде тұрғындар құтқарылды, — деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының Қаратал шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Жедел қызметтердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының үш экипажы жедел жетті. Екі экипаж аумақты қоршауға алып, аула мен подъездегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды.

Эвакуация барысында патрульдік полиция ротасының қызметкері Нұрбек Төлебеков бесінші қабатта қою түтін ішінде адамдар қалуы мүмкін екенін байқаған. Ол әріптесі — патрульдік полиция ротасының қызметкері Нұрғиса Акматовпен бірге дереу бесінші қабатқа көтерілді. Түтінге толы жерде ер адам мен балалар болған.

Полиция қызметкерлері түтін әрмен қарай тарап кетпес үшін есікті жауып, отбасын қауіпсіз жерге шығарды. Балаларды полицейлер қолдарына көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшелері өртті жедел түрде оқшаулап, толықтай сөндірді. Полиция мен құтқару қызметкерлерінің батылдығы, кәсібилігі және нақты үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде адамдар құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Барлық эвакуацияланған тұрғын медициналық тексеруден өту үшін Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті