Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды

Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Фото: Polisia.kz

Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қараша күні кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Қалалық жедел басқару орталығының кезекшісіне үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Дереу жақын маңдағы автопатрульдер мен жаяу жасақтар оқиға орнына бағытталды.

Алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция батальонының инспекторлар Жәнібек Шакиров пен Қуаныш Султаналин, сондай-ақ ЖӘАЖ жауынгері Әмір Шамелов жетті. Олар жағдайдың күрделілігін бірден бағалап, өрттің таралу қаупін және тұрғындардың түтінмен улану ықтималдығын түсіне отырып, бірден эвакуация жұмыстарын бастады.

Өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, полицейлер үйлерді аралап, әр пәтерді тексеріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару шараларын жалғастырды. Сонымен бірге, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік полиция күштері жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында 20-дан астам адам құтқарылды.

Бұл оқиға Көкшетау полициясы мен өрт сөндіру бөлімінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жедел шешім қабылдауы мен ерен еңбегі көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді