Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола полицейлері жанып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарды

Ақмола полицейлері жанып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарды
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері жанып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызметтік іссапарда болған кезде Степногорск қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы Еламан Еслям әріптесі патрульдік полиция полкінің қызметкері Мекенбай Нағашыбекпен бірге Сығанақ көшесіндегі жанып жатқан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясына қатысты.

Оқиға 11 маусым кешкі уақытта болды. Астана қаласы аудандарының бірін патрульдеу кезінде полицейлерге жақын маңдағы шағын ауданда тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Жақын жерде болған Еламан әріптесімен бірге оқиға орнына бірінші болып барды.

Полиция қызметкері 4-қабаттағы жанып жатқан пәтердің терезесін көріп, үйдің иелері кетіп үлгергеніне көз жеткізу үшін бірден кіреберіске жүгірді. Осы уақытта оның әріптесі көшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жанып жатқан пәтердің тұрғындары қауіпсіз эвакуацияланғанына көз жеткізген Еламан басқа пәтерлердің есіктерін қағып, эвакуациялауға көмектесе бастады. Полицейдің айтуынша, ол іс жүзінде өзі қозғала алмайтын қарт адамды қолына алып көтеріп шыққан, сонымен қатар ана мен баланы қауіпсіз жерге шығарып, көмектескен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері өрт шыққан жерде болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты