Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда ұландықтар өрт шыққан үйден тұрғындарды эвакуациялады

Талдықорғанда ұландықтар өрт шыққан үйден тұрғындарды эвакуациялады
Фото: Polisia.kz

28 сәуірде Талдықорғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өрт орнына бірінші болып барып, қайғылы оқиғаның алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жастар" шағынауданында кешкі патрульдеу кезінде ұландықтар Нұрдәулет Құсайын, Жанайдар Тоқтаубеков және Ділшат Хақымбаев рота командирі Сержан Серікболовпен бірге тұрғын үйлердің бірінің терезесінен қалың қара түтін шыққанын байқады. Өрт салдарынан ғимараттың дәліздерін екінші қабаттан бесінші қабатқа дейін қалың түтін жауып, тыныс алуды және  бағдарлауды қиындатты.

Өрт сөндірушілер отпен күресіп жатқанда, әскери қызметшілер тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Олар екінші қабаттағы пәтерлерді айналып өтіп, есіктерді қағып, адамдарды сыртқа шығарды. Екінші қабаттан жоғары қабаттарда тыныс алу аппараттарынсыз жүру мүмкін болмады. Арнайы жабдықтағы өрт сөндірушілер тұрғындарға көтеріліп, оларды екінші қабатқа түсіріп, Ұлттық ұлан жауынгерлері мен полиция қызметкерлеріне тапсырды. Барлық құрылымдардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 30-ға жуық адам эвакуацияланды.

-  Түтін жоғарғы қабаттарды толығымен қамтыды, ештеңе көрінбеді. Қауіп төнгеніне қарамастан, біз адамдар газдан уланбас үшін олардың сыртқа шығуына көмектестік, - деді рота командирі Сержан Серікболов.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Үй тұрғындары әскери қызметшілерге батылдығы мен жедел көмегі үшін алғыстарын білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады