Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Танысын тонаған сарыағаштық жігіт 3 жыл 6 айға сотталды

Түркістан облысында танысын тонаған 25 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оны танысы қорқытып, ашық түрде “ОРРО” маркалы ұялы телефонын алып қойғанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаш АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты өз үйінен ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған жайт бойынша Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық сотқа жолдады. Осылайша күдікті азамат соттың үкімімен үш жыл алты айға бас бостандығынан шектелді.

Белгілі болғандай күдікті азамат жәбірленушіні досымды бірге күтіп алайық деп алдап, оның автокөлігімен ауыл сыртына шыққан. Сол сәтте күдікті азамат автокөлікті тоқтатуын талап етіп, ақша сұрай бастаған. Алайда жәбірленуші ақшасының жоқтығын айтып, құтылмақ болған. Бірақ танысы оны қорқытып, ұялы телефонын тартып алған.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның “102” телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың “ізін суытпай” ашуға толық мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді