Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда жас қыз телефон тауып алып, банктегі ақшасын жаратып жіберген

Түркістанда жас қыз телефон тауып алып, банктегі ақшасын жаратып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол күндізгі уақытта облыс орталығында орналасқан сауда орталығының бірінде өзіне тиесілі “Samsung А-21” маркалы ұялы телефонын жоғалтып алған. Ал келесі күні белгісіз біреу жоғалтқан ұялы телефондағы банктің мобильдік қосымшасы арықылы ақшасын рұқсатсыз қолданып, түрлі төлемдер жасап жүргенін біліп, полицейлерге шағымданды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Соның нәтижесінде 3-4 сағат ішінде күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жас қыз жәбірленушінің ұялы телефонын тауып алып, тез арада оңай олжасын қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда