Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

93 ұялы телефон мен 2 ноутбук: Сарыағашта ер адам сауда орталығын тонап кетті

Түркістан облысының полицейлері 23 миллион теңгенің заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне “102” телефоны арқылы хабарлама келіп түскен. Онда Сарыағаш қаласының көшелерінің біріндегі сауда орталығында тонау қылмысы орын алғаны жайлы көрсетілген. Сауда орталығына белгісіз азамат келіп, 93 дана ұялы телефон мен екі дана ноутбукті жымқырып, жалпы 23 миллион теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Аталған қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жетті. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден сұрастырып, оқиға болған жердің жан-жағын аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тұрғылықты үйінен қолға түсті. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Белгілі болғандай күдікті азамат түнгі сағат 03:00 шамасында сауда орталығына есік арқылы кіріп, қарауылды қорқытып, әжетханаға қамап қойған. Содан соң қолына ілінген ұялы телефондар мен ноутбуктерді алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды еткен заттардың барлығын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақтық танытып, мүліктеріңізді, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сізді тонап немесе алдап кетсе полицияның “102” нөміріне қоңырау соғыңыз. Сондай-ақ міндетті түрде күдіктінің бет-бейнесін, есте сақтап қалуға тырысыңыз, бұл өз уақытында қылмыскердің ізіне түсіп, қылмысты жедел түрде ашуға көмектеседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады