Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сенат депутаты Нұрия Ниязова: Алматының Бас жоспарын талқылау ашық форматта өтіп жатыр

Сенат депутаты Нұрия Ниязова: Алматының Бас жоспарын талқылау ашық форматта өтіп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова Алматының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша өткен қоғамдық талқылауларға қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз әріптестерімізбен бірге Алматыға жұмыс каникулы аясында келдік. Бұл қатысқан алғашқы іс-шараларымыздың бірі. Талқылаулар үшінші күн қатарынан өтіп жатыр және қала тұрғындарының Бас жоспарды түзету жобасына қызығушылығын көріп отырмыз. Дегенмен, көтеріліп жатқан мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, саябақ пен жол мәселесі сынды нақты бағыттарға қатысты», — деді сенатор.

Оның айтуынша, жаңартылған Бас жоспар жобасымен жұмыс істеген мамандардың кәсіби пікірін ескеру маңызды. Талқылаудың жекелеген бөлігі экология мәселесіне арналды. Сенатор бұл бағыттың қалалық деңгейде де, салалық министрліктер деңгейінде де бақылауда екенін атап өтті.

«Аудан сәулетшілерінің рөлін ерекше атап өткім келеді. Олардың жұмысы неғұрлым нақты әрі сапалы болуға тиіс. Бұл бүгін залда көтеріліп жатқан сұрақтардың бір бөлігін сол жерде шешуге мүмкіндік береді. Біз бұл мәселені қала басшылығымен талқылаймыз», — деді ол.


«Талқылаулар жалғасып жатыр. Біз әріптестерімізбен бірге бұл мәселеге тереңірек үңіліп, әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейміз. Алматы қаласы қолайлы әрі заманауи мегаполиске айналады деп сенемін», — деп сөзін түйіндеді сенатор.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті