Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар басталды

Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты — қаланың Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылаудың алғашқы күні жобаға арналған жалпы таныстырылымнан басталды. Оған сарапшылар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ сегіз ауданның әкімдері тыңдаулардың бүкіл кезеңіне қатысып, тұрғындардың нақты сұрақтарына жауап береді.

Еске сала кетейік, Бас жоспарды қайта қарауға негіз болған басты себептердің бірі — Мемлекет басшысының тау бөктері аймағында құрылыс салуға тыйым салу жөніндегі тапсырмасы. Жаңартылған жобада Талғар тас жолынан, Шығыс айналма авто жолынан (ШААЖ), әл-Фараби даңғылынан, Саин және Жандосов көшелерінен оңтүстікке қарай жаңа көппәтерлі тұрғын үй салуға, сондай-ақ еңісі 15 градустан асатын беткейлерде құрылыс жүргізуге тыйым салу нормасы бекітілген. Бұл шаралар тау бөктерін қорғауға бағытталған.

Құжатта сондай-ақ тұрғын үй құрылысының көлемін қайта бөлу, әлеуметтік инфрақұрылымды — мектептерді, балабақшаларды, медициналық және мәдени мекемелерді дамыту, сондай-ақ 2040 жылға қарай халық санының 3,6 млн адамға дейін өсуі болжамын ескере отырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру көзделген.

Жобада көлік жүйесін дамытуға ерекше назар аударылған. Жаңартылған Бас жоспар қоғамдық көлікті дамытудың басымдығын күшейтеді: метро желісін одан әрі кеңейту, ЛРТ-ның алғашқы желісін іске қосу, БРТ жүйесін дамыту және қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтарды көбейту қарастырылған.
Өзгерістердің елеулі бөлігі экология мен көгалдандыру мәселелеріне арналған. Жоба аясында саябақ, сквер, бульвар мен орман-саябақтарын қамтитын бірыңғай жасыл аймақ желісін қалыптастыру жоспарланған. 2040 жылға қарай жасыл желекпен қамту деңгейін халықаралық стандартқа — бір адамға кемінде 16 м²-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.

«Бұған дейін Бас жоспарды түзету жобасы танысу үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасының ресми ресурстарында жарияланған болатын. Алдағы үш күн ішінде әрбір тұрғын жоба бойынша неғұрлым толық ақпарат ала алады. Қала тұрғындарының пікірлері құжатты пысықтау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл құжат қолайлы, қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан орнықты және заманауи Алматы қаласын қалыптастыруға негіз болуы тиіс», — деп атап өтті Алматыбасжоспар ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті