Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын түсіндіру науқаны жалғасып жатыр

Астанада әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын түсіндіру науқаны жалғасып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада жыл соңына дейін халыққа әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге бағытталған Ұлттық ақпараттық науқан жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Науқан 22-31 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Науқан аясында елордада әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға, сондай-ақ бизнесті бастау мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Бастаманың негізгі мақсаты – әйелдерге мемлекеттік қолдау тетіктері, гранттар мен жеңілдетілген несиелеу, оқыту және кеңес алу мүмкіндіктері туралы нақты әрі қолжетімді ақпарат беру.

Іс-шаралар барысында мемлекеттік бағдарламалардың таныстырылымдары, семинарлар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сондай-ақ өңірлік деңгейде табысты әйелдер кәсіпкерлігінің үздік үлгілерін насихаттауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Науқанға мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры, қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар және әйел-кәсіпкерлер қатысуда.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен тығыз байланысты. Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау кешенді сипатқа ие. Қаржылық құралдар – гранттар мен жеңілдетілген несиелеумен қатар, білім беру және менторлық бағдарламаларға да ерекше басымдық берілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады