Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды

Қазақстанда Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды
Фото: atameken.kz

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Әйелдер кәсіпкерлігі комитеті құрылды. Енді ұлттық палатада 18 комитет жұмыс істейді. Бұл туралы ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ақтауда өткен Халықаралық іскер әйелдер конгресінде мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің жұмыс органы Ұлттық палатаның құрылымдық бөлімшесі – Жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаменті болып белгіледі.

«Комитет елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеу, сараптамалық бағалау және ілгерілету, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мақсатында құрылды», – деді  ҰКП Жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры Айдана Тоғызбаева.

Спикердің айтуынша, «Бір ауыл – бір өнім» бағытында 20 өңірде арнайы көрмелер өтіп, жергілікті шикізаттан шығарылатын 33 жоба келесі сүйемелдеу кезеңіне өткен. 60-ға жуық жаңа бренд нарыққа шығып, жоба қатысушылары – Маңғыстау облысы Құрық ауылының алғашқы өнімін экспорттаған.

«Бүгінгі таңда Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 2 мыңға жуық бизнесте белсенді, ұлттық өнімге үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдерді біріктіреді. Палата «Мен кәсіпкермін» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін ашамын және әрі қарай дамытамын деген халыққа, арнайы салалық оқыту мен брендін өндіруге дейін көмек көрсетіп жатыр. Яғни, бұл бағытта кәсіпкерлердің саны артқанын көріп отырмыз. Енді жаңадан құрылған комитет әйел кәсіпкерлердің жұмысын одан әрі жандандырады деген сенімдеміз», – деді Айдана Тоғызбаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты