Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

100 мыңға жуық ШОБ тексеруі жүргізілмейді – ҚР ҰЭМ

Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме төмендетілді, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.


«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексерулерді жүргізуге үш жылдық мораторий қолданылады. 100 мыңға жуық тексеру жүргізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, бизнес жүргізудегі тұрақтылыққа ықпал етеді», - деді Дәленов жұма күні парламенттік тыңдауда.


Ұлттық экономика министрі атап өткендей, басқа да салықтық тексерулер 1 маусымға дейін тоқтатылды.


«Бизнеске арналған үкімет» онлайн-платформасы негізінде мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы іске қосылды. Екі жүзге жуық мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қолдау шарасы ұсынылады.


Өз бизнесін дамыту мәселесі бойынша қызметтердің барлық спектрін онлайн-режимде пайдалануға болады.


11 өңірде толық форматты офлайн кеңселер жұмыс істейді.


Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2021 жылға қарай бизнеске арналған барлық қызметтерді онлайн-платформада толық интеграциялауды қамтамасыз ету және алты өңірде офлайн офистерді іске қосу жоспарлануда. Бұл бизнестің барлық қызметін электрондық толық қамтуды қамтамасыз етеді.


Ағымдағы жылы бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған реформалардың 8-пакеті қабылданды.


Бірқатар қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, жылжымайтын мүлік мәмілелерінің қауіпсіздігі арттырылды, құрылыс кезіндегі бірқатар талап алынып тасталды.


«Биыл бизнеспен кері байланыс күшейтілді. Осы кезеңде бұл маңызды. Кәсіпкерлер тарапынан келіп түсетін мәселелер тұрақты негізде қаралады», - деді Дәленов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді