Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнгі ауысымда қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Астанада түнгі ауысымда қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы жалғасуда. Қаланың коммуналдық қызметтері күндіз және түнде бірнеше ауысыммен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі ауысым барысында қаладан 2 527 рейс арқылы шамамен 33 мың текше метр қар шығарылды. 23 желтоқсанға қараған түні қар тазалау жұмысына 449 жол жұмысшысы мен 1 608 арнайы техника жұмылдырылады.Жалпы қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 72 847 жүк көлігі рейсімен 941 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіледі.Сонымен қатар, аула аумақтарының тазалығын қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екені еске салынады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті