Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты: төлем тек нақты орындалған жұмыс үшін беріледі

Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты: төлем тек нақты орындалған жұмыс үшін беріледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға аванстық төлем беруді тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан былай келісімшарт бойынша төлем тек нақты орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша беріледі.

Жұмыс сапары мен күрделі нысандарды тексеру барысында бірқатар компанияның конкурста жеңіске жетіп, аванс алып, өзіне жүктелген жұмыстың барлығын қосалқы мердігер ұйымдарға толықтай беріп отырғаны анықталған. Бұл ретте олар жобаларды жүзеге асыруға іс жүзінде қатыспайды.

«Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап көптеген компанияның конкурсқа қатысып, аванс алып, кейін жұмысты 100% қосалқы мердігерлерге тапсыратынын көрдім. Өздері басқа өңірлерде болып, нысанға іс жүзінде келмейді», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкім қазіргі уақытта конкурстардың жеңімпазы Қаржы министрлігінің порталында қолданылатын рейтингтік-балдық жүйе арқылы айқындалатынын еске салды. Бұл жүйеде жеңімпаз автоматты түрде анықталады, онда адами фактор жоқ.

«Компаниялар конкурстарда 30 пайыздық аванс қарастырылғанын көріп, шын мәнінде тек сол қаражат үшін ғана қатысады. Соның кесірінен жобаларды жүзеге асыру мерзімі созылып кетеді, ал тапсырыс беруші компания құрылтайшыларын басқа қалалардан іздеуге мәжбүр болады», – деді мегаполис басшысы.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі аванстық төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдады. 

«Мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін біз нақты шешім қабылдадық: алдымен жұмыс орындалады, содан кейін ғана төлем жасалады. Аванссыз», – деді Алматы әкімі.

Жаңа тәжірибе мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, олардың жобаларға нақты қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаладағы құрылыс және инфрақұрылымдық жұмыстарды уақытылы орындауға мүмкіндік бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады