Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі №58 мектепті қайта құру барысымен танысты

Алматы әкімі №58 мектепті қайта құру барысымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тұрғұт Озал көшесінде орналасқан «№58 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимаратына жапсарлас салынған қосалқы нысанды қайта құру алаңына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша мұнда мектеп жанынан заманауи оқу және спорт үй-жайы бар 576 орындық қосымша нысан салынуға тиіс. Жұмыс 2024 жылдың шілдесінде басталды, ал келісімшарт бойынша 2025 жылдың желтоқсанында аяқталуы керек еді. Алайда, құрылыс бекітілген кестеден едәуір артта қалып отыр.

Әкім балалардың оқуға орны жоқ екенін, сондықтан жағдай шұғыл шешуді талап ететінін атап өтті. Мердігерге кемшілікті жою үшін екі апта мерзім берілді. Қала басшысы жұмыс барысын күнделікті бақылау және қаражатты ашық пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Мерзімі екі апта. Біз жұмыстың қарқынын қадағалаймыз, күн сайын маған жағдай туралы баяндайсыздар. Нысан менің жіті бақылауымда. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, біз шартты бұзамыз. Мердігерлер жұмысты қосалқы мердігерлерге ауыстырудың орнына өз күштеріне сенуі керек», - деді Дархан Сатыбалды.

Білім басқармасына, Құрылыс басқармасына және жауапты қызметтерге нысанды ерекше бақылауға алу және жұмыс барысы туралы апта сайын баяндау тапсырылды.

Қайта құру аясында жертөлесі мен спорт залы бар жаңа үш қабатты корпус салу, асхана мен акт залы бар блок тұрғызу, заманауи стандарттарға сәйкес жұмыс істеп тұрған мектеп үй-жайларын қайта жоспарлау және жаңарту, сондай-ақ инженерлік желілерді, шатырды және өрт қауіпсіздігі жүйелерін ауыстыру көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті