Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алатау ауданында 5 жаңа мектеп ашылады

Алатау ауданында 5 жаңа мектеп ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Алатау ауданында әлеуметтік инфрақұрылым белсенді түрде дамып келеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандағы оқушы орындарының тапшылығы – 6,1 мың орын. Бұл мәселені шешу мақсатында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен «Саялы-2» шағын ауданында 550 орындық жаңа мектеп салынды. Сондай-ақ, «Зерделі» шағын ауданында тағы бір 550 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алатау ауданында жалпы сыйымдылығы 12,7 мың оқушыны қамтитын 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында Теректі, Самғау, Қарасу және Ақбұлақ шағын аудандарында бес мектеп ашу жоспарланған.

Ал «Алғабас» және «Ғажайып» шағын аудандарындағы екі мектептің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Айта кетейік, Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 34,8 мың жаңа оқушы орны ашылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, қолданыстағы мектептердің сыйымдылығын арттыру мақсатында №195, 174, 35, 112, 99 және 73 мектептерге қосымша ғимараттар салынып жатыр. Бұл 1 755 қосымша оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 11 білім беру мекемесінде қайта жаңғырту және сейсмокүшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар: №33 лицей, №161 лицей, №191, №58, №189, №50, №160 мектептер, №59 мектептің филиалы, сондай-ақ, №73, №30 және №60 гимназиялар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты