Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында 2025 жылы шамамен 3,5 мың жаңа оқушы орны пайда болады

Алматының Медеу ауданында 2025 жылы шамамен 3,5 мың жаңа оқушы орны пайда болады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы Медеу ауданында жаңа оқу орындарын құру және жұмыс істеп тұрған мектептердің жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соңғы жылдары аудан мектептерінде 4 368 оқушы орны жетіспеген. Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл мәселені шешу аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Биыл №220 мектептің 2 000 орынға арналған жаңа ғимараты, Назарбаев Зияткерлік мектебіне 320 орындық қосымша нысан және 599 орындық «Joo School Medeu» жекеменшік мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, №99 (250 орын) және №35 (300 орын) мектептеріне қосымша ғимараттар салу жұмыстары аяқталуға жақын. Осылайша, биыл аудан бойынша 3 469 жаңа оқушы орны ашылады.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін тағы бес жоба жүзеге асырылмақ: №30, №56 және №17 мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу, №131 мектеп-лицейін 300 орынға салу және 1 200 орындық «MG City» білім беру кешенін тұрғызу жоспарланған. Сондай-ақ, №168 және №47 мектептерге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, олардың әрқайсысы 300 орынға есептелген.

Осылайша, Медеу ауданы оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен шешіп, балалардың заманауи мектептерде жайлы жағдайда білім алуын қамтамасыз етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті