Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен 126 қылмыстың беті ашылды

Биыл Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен 126 қылмыстың беті ашылды
Фото: Polisia.kz

Биыл Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен 126 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Қызылорда облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 126 қылмыс ашылды. “102″ мобильді қосымшасына 25 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді.

Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады. Жыл басынан бері бейнебақылау камераларымен 44 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 36 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды.

“Мүлдем төзбеушілік” қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 фактісін, бұдан бөлек 2 мыңнан астам басқа да құқық бұзушылық дерігі тіркелді. Күнделікті полиция кешенді күштерімен бірлесіп жыл басынан 11931 азамат тексеріліп, 79 суық қару анықталды. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған “SOS” дабыл жүйесі арқылы 15 хабарлама түсті.

Айта кетерлігі, облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда “102”, “SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. “SOS” түймесін басу арқылы тәулік бойы жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді