Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Электрсамокаттарға қатысты жаңа міндетті талаптар енгізіледі

Электрсамокаттарға қатысты жаңа міндетті талаптар енгізіледі
Фото: pixabay.com

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Енді жалға берілетін электрсамокаттар көлік құралы санатына ресми түрде қосылып, оларды жүргізу үшін міндетті сақтандыру және арнайы тіркеу нөмірі қажет болады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Мәжіліс қылмыстың алдын алу мәселелеріне қатысты түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бұл өзгерістер жол қозғалысына қатысушыларды, соның ішінде балаларды қорғауға бағытталған.

"Жалға берілетін электрсамокаттар міндетті сақтандыру және тіркеу нөмірі болуы тиіс көлік құралдарының қатарына енгізіледі. Осындай талаптарсыз жол қозғалысына қатысу заңсыз болады", - деді депутат.

Депутаттың түсіндіруінше:

  • 18 жасқа толған,
  • жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана электрсамокатпен жолдың жүріс бөлігіне шыға алады.

Ал парктерде, веложолақтарда кез келген жастағы адамдар арнайы құқықсыз мініп өте алады. Бірақ:

  • максималды жылдамдық — сағатына 6 шақырым;
  • самокатты жаяу жүргіншілер жолында, жаяу жүргіншілерге кедергі болатын жерде тастауға тыйым салынады.

Депутаттың айтуынша, самокаттарды жалға беретін компаниялар:

  • құрылғылардың қай жерде қалдырылғанын бақылауға тиіс;
    әр самокатқа жылдамдықты өлшейтін арнайы модуль орнатуы керек.

Талапты бұзған шағын және орта бизнеске:

  • 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл,
  • қайталанса — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл салынады.

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёханың айтуынша, әр электрсамокатқа компанияға тиесілі арнайы танылатын нөмір беріледі.

"Бұл мемлекеттік нөмір емес, бірақ оқылатын және танылатын нұсқа болады. Егер самокатпен байланысты құқықбұзушылық немесе ЖКО болса, куәгерлер нөмір арқылы анықтай алады. Барлық самокаттар міндетті түрде сақтандырылуы тиіс", — деді Лепёха.

Жаңа нормалардың мақсаты - жол қауіпсіздігін арттыру, жауапкершілікті күшейту және электросамокаттарды реттеу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті