Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бес мопед айыппұл тұрағына қойылды

Астанада бес мопед айыппұл тұрағына қойылды
Фото: Polisia.kz

Астанада бес мопед айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Бұл өзгеріс көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында енгізілді. Аталған өзгерістерге байланысты 6 сәуірден бастап Астана қаласында мопед жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және түсіндіру мақсатында арнайы профилактикалық іс-шаралар басталды. Іс-шараның алғашқы тәулігінде 26 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 5 мопед айып тұрағына қойылды. Мәселен Суворов көшесінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген мопед тоқтатылды.

Тексеру барысында оның 21 жастағы жүргізушісінің тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес айыппұл салынды. Мопед Астана қаласының коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Ішкі істер органдары азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаңа талаптарды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Енді мопед жүргізушілері де басқа көлік құралдары сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірін алады, жүргізуші болуы қажет және міндетті сақтандыру рәсімдеу талаптарын орындауы тиіс. Естеріңізге саламыз: жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады