Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

73 миллион теңгеден астам қаражат аударылды

Жамбыл облысында автокөліктің “әдемі” нөмірін ұнататын азаматтар бюджетке 73 миллион теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Әкімшілік полиция бөліністері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді: олар көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің нұсқасын беру, жүргізуші куәліктерін беру.


– Жыл басынан бері көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару бойынша 89 274 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 32 140 жүргізуші куәлігі берілді. Алғаш рет жүргізуші куәлігін 3751 адам алды, – деді Жамбыл облысының ПД процессинг орталығының бастығы Айбек Көшеков.


Оның ішінде “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мамандандырылған ХҚКО) арқылы 83 391 адамға көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, 19 375 азаматқа жүргізуші куәлігі берілді. “Электрондық үкімет” www.egov.kz ” порталы арқылы 5 883 көлік құралы тіркеліп, 12 765 жүргізуші куәлігі берілді.


Жалпы сомасы 73 миллион 162 мың 396 теңгеге жоғары сұраныстағы нөмірлердің 289 жиынтығы берілді. Өңір тұрғындары арасында 010 – нан 090, 077, 707-ге дейінгі цифрлық белгілері бар нөмірлер үлкен сұранысқа ие – мұндай мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 156 жиынтығы сатып алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді