Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық аспаптар математика сабағына енгізілді: елордалық мектептің жаңа әдісі белгілі болды

Ұлттық аспаптар математика сабағына енгізілді: елордалық мектептің жаңа әдісі белгілі болды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының білім беру жүйесі үнемі жаңашылдыққа бағытталып, оқыту процесінде түрлі заманауи тәсілдер мен педагогикалық теорияларды тиімді қолдануға ерекше назар аударады. Осының айқын көрінісі – қала мектептерінде пәндерді ұлттық құндылықтармен ықпалдастыра отырып оқытуға деген қызығушылықтың артуы. Соның ішінде математика пәнін ұлттық өнермен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру тәжірибесі кең таралып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы бағытта Астана қаласындағы №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлбарам Арқабайқызы ұлттық музыкалық аспаптарды математика сабақтарында қолдану арқылы оқушыларға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық, өмірмен байланысты дағдыларды меңгертуге жағдай жасап келеді.

Ұстаздың мақсаты – математиканың тек академиялық пән ғана емес, сонымен бірге ұлттық өнерде, сәулетте, қолөнерде және тұрмыста маңызды рөл атқаратынын көрсету. Қазақтың домбыра, қобыз, жетіген сияқты ұлттық аспаптарының құрылымы мен жасалу технологиясында математикалық заңдылықтар ерекше орын алады. Аспаптардың пішіні, пропорциясы, перне арақашықтығы, дыбыс толқындарының жиілігі – бұлар барлығы нақты математикалық есептеулерге негізделеді.

Осы аспектілерді сабаққа енгізу арқылы мұғалім оқушыларға математиканың өмірмен байланысын тереңірек түсіндіреді.

Оқушылар ұлттық аспаптардың құрылымына математикалық тұрғыдан талдау жасап, оның акустикалық ерекшеліктерін есептеу арқылы нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына қадам жасайды. Бұл процесте олар пропорция, симметрия, геометриялық пішіндер, дыбыс жиілігі, толқын ұзындығы секілді математикалық ұғымдарды нақты мысалдармен түсінеді.

Сонымен бірге бұл тәсіл оқушылардың ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастырады. Математиканың өнермен байланысын терең түсінген бала екі саланың да құндылығын бағалайды, шығармашылық ойлауы қалыптасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті