Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қырғызстан Республикасының делегациясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның тәжірибесімен танысты

Қырғызстан Республикасының делегациясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның тәжірибесімен танысты

Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға келіп, еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдермен, инновациялармен және озық тәжірибемен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Делегация өкілдерін ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қарсы алып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектептердің жұмысын таныстырды. Олар Алматы қаласындағы №214 «Келешек мектебінде» болды.

Кездесу барысында Майра Мелдебекова Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың негізгі басымдықтары жөнінде де кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда, педагог мәртебесін арттыру, мұғалімдерді аттестаттау жүйесін жетілдіру және оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері сөз болды.

Делегация мүшелері инновациялық білім беру моделінің негізгі ерекшеліктерімен танысты. Жоба білім сапасын арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған. Келешек мектептерінде жасанды интеллект, робототехника заманауи технологиялар енгізуге, математика пәнін тереңдетіп оқытуға, STEM-зертханаларын дамытуға басымдық берілуде. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білімге тең қолжетімділігіне айрықша назар аударылған. Оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы таныстырылды.

Айта кетейік, ұлттық жоба аясында Алматы қаласында жаңа форматтағы 21 мектептің құрылысы жоспарланып, оның ішінде 13 мектеп пайдалануға берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті