Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр. «Алатау» спорт сарайында біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1-7 желтоқсан аралығындағы байрақты бәсекеге еліміздің 17 өңірінен кіл мықты 177 спортшы жиналды. Олардың қатарында әлем чемпиондары – Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов та бар.

«2022 жылдан кейін Астана қаласы ауыр атлетикадан қайтадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын ұйымдастырып жатыр.Спортшылардың құрамы да өте мықты. Алдағы күндері ауыр атлеттеріміз елорда төрінде рекорд жаңартады деп сенемін. Шын мықтылар жеңіске жетіп, 2026 жылы спортшыларымыз Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғайды деп ойлаймын», – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов.

Бүгінгі бәсекелерде ерлер арасында 65 келі және әйелдер арасында 58 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады.Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында жекелей жаттығулар бойынша 54 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады