Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионатына 40-тан астам шабандоз бас қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар үш күн бойы әр түрлі биіктіктегі 6 түрлі тосқауылда (120-145 см) өз шеберліктерін шыңдайтын болады.«Астана қаласы 2 жылдан кейін қайта маусымның шешуші жарысы саналатын Қазақстан чемпионатын қабылдауға мүмкіндік алды. Дәл қазіргі сәтте Орталық Азия елдері бойынша елордада ғана ат спортына арналған жабық кешенді спорт ғимараты бар.

Қыс мезгілінде де жаттығуға қолайлы. Өздеріңіз білетіндей, биыл федерацияда бірқатар өзгерістер болды. Енді ат спорты жаңа жетістіктерді бағындырады деген сенімдемін. Қандай жоспарымыз бар? Біріншіден, мамыр айында Астана қаласы ұзақ жылдардан кейін Еуразия Лигасының Әлем Кубогы кезеңін (FEI CSI 1*-W) өткізді.Екіншіден 2026 жылы Аичи және Нагояда өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысуға ниетіміз бар. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, ат спортынан Қазақстан құрамасы 2014 жылы Инчхондағы жазғы Азия ойындарында бақ сынапты. Енді осы дәстүрді жаңғыртсақ дейміз», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Толқымбеков.Ел додасында Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Алматы облысының шабандоздары бақ сынап жатыр.Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылып жатыр.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті