Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Астанада жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 4-10 шілде аралығында жастар, жасөсіпірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Азияның 25 елінен келген 300-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл беделді құрлықтық чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және басқа да елдердің өкілдері қатысады. Ең үлкен құрам – Қазақстаннан. Ел намысын 36 спортшы қорғайды.17-20 жас аралығындағы жас атлеттер ауыр атлетиканың классикалық жаттығулары – жұлқи және серпе көтеру түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздар жекелеген жаттығуларда да, қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша да анықталады.Жарыстың ашылу салтанаты«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 4 шілде күні сағат 17.00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.Айта кетейік, Қазақстан ауыр атлетикадан ірі халықаралық жарысқа соңғы рет 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қатысқан болатын. Астанадағы Азия чемпионаты – қазақстандық ауыр атлетиканың жаңа кезеңінің бастамасы. Бұл – отандық спорттағы жүйелі өзгерістердің нәтижесі. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді