Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды

Астанада түркі халықтарының музыкалық аспаптары қойылған экспозиция ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Әлем әуені»: елордада қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасауға арналған шеберлік сабағы өтті. Бүгін Астанадағы «Өнер» музейінде «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі аясында «Түркі әлемінің музыкалық аспаптары» атты экспозицияның ашылуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экспозиция түркі халықтарының ғасырлар бойғы музыкалық дәстүрін, мәдени сабақтастықты және түрлі орындаушылық мектептердің ерекшеліктерін көрсететін бірегей артефактілерді қамтиды.

Практикалық сабақтар барысында түркі елдерінің жетекші шеберлері музыкалық аспаптарды жасаудың дәстүрлі технологияларын таныстырды.
Бұдан бөлек, әлемге танымал шеберлер жасаған бірегей музыкалық аспаптар музей қорының меншігі ретінде ресми түрде табысталды.

Олардың қатарында қырғыздың кылкыягы, түріктің кеманчасы, өзбектің дутары және венгрдің фурульясы бар.

Аталған аспаптардың әрқайсысы – өз халқының бірегей үнін, ұлттық қолөнер ерекшелігін және сан ғасырлық тәжірибесін паш ететін құнды мәдени жәдігер.

Фестивальдің қорытындысы ретінде 25 қараша кешінде «Жастар» сарайында гала-концерт өтеді. Онда дәстүрлі әндер мен этно-жанрдағы заманауи шығармалар орындалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді