Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды

Петропавлда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Петропавл қаласының шетінде полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 48 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары әйелдің сөмкесінен қызғылт түсті кристалл тәрізді зат салынған 15 түйіншек тәркіледі. Кейін күдіктінің көрсетуі бойынша бұған дейін жасырын қойып кеткен түйіншектер тәркіленді. Алынған α-PvP-ның жалпы салмағы 40 грамға жуық болды. Бұл шамамен 300 бір реттік дозаға тең. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жедел ақпаратқа сәйкес, әйел есірткі сатумен тамыз айынан бері айналысқан. Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі сату күдігімен 132 адам, соның ішінде 13 әйел ұсталды. Полицейлердің айтуынша, әрбір азамат есірткінің таралуына қарсы күреске өз үлесін қоса алады. Есірткі қылмысына қатысты кез келген дерек туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына 8 (7152) 39-41-93, WhatsApp нөміріне +7-707-500-95-65 немесе Instagram желісіндегі аталған басқарманың парақшасына (upn_dp_sko) хабарлауға болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады