Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда «синтетика» таратқан күдіктілер ұсталды

Петропавлда «синтетика» таратқан күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

32 жастағы петропавлдық пен 19 жастағы студент қыз есірткі өткізді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны және 19 жастағы студент қыз синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінді. Қазан айының басында полицейлер оларды ер адамға тиесілі Mercedes автокөлігінде ұстады. Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленді, тағы 72 түйіншек күдіктілерден өздерінен табылды.

Студенттің тұрғылықты жерінен полицейлер 27 грамм есірткі тәркіледі. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары ер адам жұмыс істеген кеңседе бұрын ішінде ұнтақ тәрізді зат болған бос зип-лок қалташаларын тапты. Күдіктілерден барлығы 129 грамм мефедрон және α-PvP психотроптық заттары тәркіленді.

– Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстың бастамашысы қыз болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп нақтылады СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді