Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда оқушылардың негізгі дағдыларын бағалайтын халықаралық зерттеу басталды

Қазақстанда оқушылардың негізгі дағдыларын бағалайтын халықаралық зерттеу басталды
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ЭЫДҰ-ның мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуі жүргізіледі. Оған еліміз бойынша 1 мың білім беру ұйымдары мен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 24 қарашадағы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдемесінен белгілі болды.

Зерттеу дәстүрлі PISA әдістемесіне негізделген және оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар бұл зерттеу арқылы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.

"Мектептерге арналған PISA зерттеуі жыл сайын жүзеге асырылады. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы, ол әр мектеп бойынша сыртқы бағалау жүргізе отырып, нәтижесінде білім беру ұйымдарының басшыларына оқу орындарының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін есептер жолданады. Бұл әрбір білім беру ұйымына білім беру процесін жақсартуға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі", – деп атап өтті Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Белгілі болғандай, Мектептерге арналған PISA зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Оған 2021-2024 жылдар аралығында еліміздің 3000-нан астам білім беру ұйымдары қатысты. Зерттеудің Қазақстандағы үйлестірушісі – А. Байтұрсынұлы атындағы ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті