Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің барлық мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды

Еліміздің барлық мектептерінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды
Фото: inform.kz

Мониторинг 2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды.

Өткізу форматы халықаралық зерттеулер секілді стандарт бойынша әр аудиторияда тест-әкімшілер болады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Әбілқанованың айтуынша, мониторинг функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға және алған білімдерін мектеп қабырғасында және өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағытталған.

«Білім сапасы туралы нақты дерек алу үшін көптеген елдер білім алушылардың оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде үнемі бағалап отырады. Осылайша, маңызды сұрақтарға жауап алады. Оқыту қаншалықты жүйеленген? Оқушылардың білім алу деңгейі қандай және олар қоғамға енуге қаншалықты дайын? Міне, осы сұрақтарға жауап алу біздің білім беру жүйеміз үшін де маңызды.Тек ББЖМ-нің объективті нәтижелері ғана дұрыс қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді басқарма басшысы.


Тестілеу мемлекеттік бақылау нысаны емес. Сондай-ақ білім алушы, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ.

ББЖМ-ге 4 және 9 сыныптардан 50 мыңнан астам оқушысы қатысады. 1472 мектепте үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді