Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық колледж алғаш болып халықаралық салалық аккредиттеуінен өтті

Астаналық колледж алғаш болып халықаралық салалық аккредиттеуінен өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қалалық Технологиялық колледжі елордада алғаш болып CITY & GUILDS халықаралық салалық аккредиттеуінен сәтті өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

CITY & GUILDS халықаралық деңгейдегі аккредиттеу – колледждің оқу бағдарламасы мен білім сапасының әлемдік талаптарға толық сәйкес келетінін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш. Қазіргі таңда еңбек нарығы бәсекеге толы.Осы бағытта Технологиялық колледждің бұл жетістігі студенттерге ашылған үлкен мүмкіндік.Наубайшы мамандығы бойынша білім алып жүрген 20 студент пен 4 өндірістік оқыту шебері кәсіби біліктілігін сынақтан өткізіп, халықаралық үлгідегі емтиханды сәтті тапсырып шықты. Ең қуаныштысы, енді бұл түлектер өз ісін тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез келген елінде абыроймен атқара алады.

«Халықаралық деңгейдегі сертификат алу үлкен мәртебе. Бұл осы білім ордасындағы оқытушылар мен ұстаздардың ізденісінің жемісі. Еліміздің экономикасына елеулі үлес қосатын жастар өсіп келеді. Әлемдік аренада қазақ балалары әрбір салада көш бастап тұруы тиіс»,- деді Халықаралық сертификатты табыстау рәсіміне қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп.

CITY & GUILDS – кәсіби біліктілікті халықаралық деңгейде бағалайтын беделді ұйым. Оның сертификатын иеленген түлектер Ұлыбританиядан бастап Еуропа мен Азия елдерінде де өз саласында еркін жұмыс істей алады.Астаналық Технологиялық колледждің бұл жетістігі – елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Өйткені бұл табыс еліміздегі техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа сапалық кезеңге көтерілгенін, ал қазақстандық жастардың әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге жеткенін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті