Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықаралық “TurkicSkills-2025” чемпионатында Астаналық колледж қатысушысы жүлделі орынға ие болды

Халықаралық “TurkicSkills-2025” чемпионатында Астаналық колледж қатысушысы жүлделі орынға ие болды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы М. Жұмабаев Халықаралық жоғары коллед атынан қатысқан – Тайыржан Аметов «TurkicSkills-2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша екінші орынға ие болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

TurkicSkills-2025 чемпионаты – түркітілдес елдердің кәсіби-техникалық білім беру саласындағы ірі халықаралық жарысы.

Биылғы байқау Ақтау қаласында өтіп, оған жеті мемлекеттен келген 70 колледж студенті қатысты. Қатысушылар өз шеберліктерін дрондарды басқару, веб-технологиялар, автосервис, сантехника және жылыту, графикалық дизайн сияқты 10 түрлі құзырет бойынша сынады.

Таиржан чемпионаттың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, өзінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, шығармашылық ойлау қабілетін және техникалық шеберлігін халықаралық қазылар алқасына дәлелдей білді. Бұл жетістік – оның мақсаткерлігінің, табандылығының және жүйелі дайындықтың жемісі.

Ең маңызды жаңалықтардың бірі бұл медаль Астана қаласы атынан WorldSkills қозғалысы аясында алынған алғашқы халықаралық марапат болып отыр. Бұл жетістік елорданың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму қарқынын, сондай-ақ жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін нақты көрсетеді.

Таиржанның жарысқа жоғары деңгейде дайындалуына PhD докторы, арнайы пәндер оқытушысы Олжас Әбішев жетекшілік етті. Оның әдістемелік шеберлігі мен кәсіби тәжірибесі студенттің жеңісіне тікелей ықпал етті.

TurkicSkills халықаралық чемпионатының басты мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, білікті кадрларды дамыту және түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту. Бұл – жас мамандар үшін тәжірибе алмасып, білім мен біліктілікті халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Чемпионат аясында сондай-ақ инновациялық көрме, оқытушыларға арналған тренингтер, және Caspian халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылдың 9 қазанында өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті