Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

EuroSkills Herning-2025: елордалық студенттер әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетті

EuroSkills Herning-2025: елордалық студенттер әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Данияның Хернинг қаласында өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты – EuroSkills Herning-2025 Қазақстан үшін тарихи жетістікпен аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама алғаш рет бірден 7 «Үздік медальонға» қол жеткізіп, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады.

Бұл жеңістің ішінде елордалық студенттердің үлесі айрықша екені атап өтілді. Байрақты бәсекеге 32 мемлекеттен 25 жасқа дейінгі 600 жас маман қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Қазақстандық колледж студенттері 25 құзырет бойынша бақ сынады. Олардың ішінде Астана қаласының білім алушылары жоғары нәтижелерімен көзге түсті:

• Веб-технологиялар құзыреті бойынша ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің студенті Мұхаметжан Ағыбай үздіктер қатарынан көрініп қана қоймай, Қазақстанның Best of Nation – «Үздік өкілі» атанды.

• Мехатроника құзыреті бойынша Жоғары политехникалық колледждің студенті Данил Турапин команда құрамында өнер көрсетіп, жоғары жетістікке қол жеткізді.

• Желілік және жүйелік әкімшілендіру бағыты бойынша елордалық Жоғары политехникалық колледждің түлегі Данил Лапенко үздіктер қатарынан табылды. Бұл жеңістер елордалық колледждердің кәсіби білім берудегі сапасы мен даярлық деңгейінің халықаралық стандарттарға сай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті