Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында "Браконьер" акциясы кезінде 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Жамбыл облысында
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында 41 браконьер ұсталып, 233 құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазан мен 19 қараша аралығында Жамбыл облысында табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау мақсатында "Браконьер" республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Іс-шара барысында өңір аумағында жүргізілген рейдтік жұмыстардың нәтижесінде 233 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 1 қылмыстық іс тіркелді.

Ең көп құқық бұзушылықтар Шу ауданында тіркеліп, 41 браконьерлік дерек анықталды. Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі — аңшылық ережелерін бұзу (171 дерек) және қару айналымы қағидаларын сақтамау (44 дерек) фактілеріне қатысты болды. Сонымен қатар, заңсыз балық аулаудың 18 жағдайы тіркелді. Мойынқұм ауданында заңсыз аңшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тек соңғы тәулікте облыс полицейлері табиғатты қорғау саласында 17 құқық бұзушылықты анықтады. Жамбыл облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын табиғатты аялауға және аңшылық пен балық аулау кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді