Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады

Павлодар облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында “Браконьер” ЖПІШ барысында балық аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесуге бағытталған “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 23 фактісі, балық аулау ережелерін бұзудың 9 фактісі бар.

– Полиция 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық ресурстарын тәркіледі. Балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманда ұсақ ұрлау фактілері жойылды. Сонымен қатар 5 көлік айыппұл тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Рейд барысында полиция Кеңтүбек ауылдық округінде орналасқан су айдынында заңсыз балық аулауды жүзеге асырған Май ауданының тұрғынын ұстады. Автокөліктен қытайлық өндірілетін ау, резеңке үрлемелі қайық, қайықтан 2 ескек, резеңке қайықты үрлеуге арналған сорғы, жалпы салмағы 5 келіден асатын мөңке балығы тәркіленді.

Құқық бұзушыға қатысты балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді.

Полиция департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты