Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Балхаш көлінен екі браконьер ұсталды

Балхаш көлінен екі браконьер ұсталды
Фото: polisia.kz

Балхаш көлінен екі браконьер ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс аумағында 3 сәуір мен 1 маусым аралығында өткен “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында полицейлер балық инспекторларымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 68 адамды ұстады.

Соңғы дерек Сарқан ауданында тіркеліп, көршілес Алматы облысының 40 және 36 жастағы екі тұрғыны Балқаш көлінде ұсталды. Тәртіп сақшылары ұсталғандардан 272 келі заңсыз ауланған балық, екі қайық, балық аулауға арналған түрлі қармақтар мен тыйым салынған дараталшық торларын тәркіледі.


– Іс-шара барысында 68 құқық бұзушы ұсталды. 5 дерек бойынша қылмыстық тергеу ісі қозғалды. Ұсталғандардан шамамен ұзындығы 3 км әртүрлі браконьерлік торлар, 5 қайық және 800 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Жалпы келтірген шығын шамамен 6 млн теңгені құрайды, – деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.


Ведомствода браконьерлерден тәркіленген балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізіліп, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылатынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды