Астанада «AMANAT» партиясының бастамасымен тұрғындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты құрылымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жаңа фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоба көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында жүйелі қолдау көрсетуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтар, билік органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы диалогты дамытуға бағытталған.Жаңа фронт-кеңсе азаматтардың өтініштерін қабылдайды, оқыту іс-шараларын өткізеді және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ісінде практикалық көмек көрсетеді.Ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев пен Марат Башимов, Астана мәслихатының депутаттары, партияның белсенді мүшелері және МИБ төрағалары қатысты.
«Біз маңызды қоғамдық миссия – тұрғындармен байланыс орнатамыз. Жұрт бізге сұрақтарын қойып, шағымдарын жеткізіп, күмәнін білдіреді. Біз – халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буынбыз. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы – пилоттық және ол сәтті жүзеге асырылса, бүкіл ел бойынша таратылады. Бұл – маңызды қадам. Азаматтардың мәселелеріне жүйелі көзқараспен келуіміз қажет, әсіресе Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Азаматтардың қауіпсіздігі, тұрмыстық жағдайы, құқықтық базасы және халықпен өзара іс-қимыл мәселелері басты назарда болуы тиіс», — деді Ержан Жылқыбаев.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Павел Казанцев мұндай жобалардың табысты болуы депутаттардың халықпен белсенді өзара іс-қимылына байланысты екенін атап өтті.
«Бұл фронт-кеңсе азаматтардың өтініштерін қабылдау, кеңес беру, оқыту семинарларын өткізу және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында практикалық көмек көрсету алаңына айналады. Өз сайлаушыларын тыңдап, олардың қажеттіліктерін біліп, дәл осы депутаттар жергілікті және республикалық бюджеттерде осындай жобаларды жеткізеді. Әр депутат нақты жоба үшін жауап береді, мерзімін, сапасын қадағалайды, нысандарға барып, мәселелерді шешеді. Партия мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара байланыстың негізгі тетігі болып саналады. Қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз және заманауи орта қалыптастыру, аулаларды абаттандыру және азаматтық белсенділікті арттыру – басты мақсат», – деді мәжілісмен.
«ҚАМҚОР» қолдау орталығының атқарушы директоры, көпжылдық тәжірибесі бар ПИК және МИБ төрағасы Гүлнәр Исламова жобаның серіктестік аясындағы маңызы туралы айтты.
«Біз мұндай маңызды бастаманың серіктесі болғанымызға қуанамыз. Оның аясында біз оқыту модульдерін жүзеге асырамыз, ПИК пен МИБ төрағаларының біліктілігін арттырамыз, сондай-ақ ТКШ субъектілеріне құқықтық қолдауды күшейтеміз. Жобаның мақсаты – тұрғындар мен сала қатысушылары арасындағы сенімді нығайту, эмоционалдық және әлеуметтік шиеленісті азайту. Дәл осы алаңда заңнамалық нормаларды тиімді іске асырып, көппәтерлі үйлерді басқару стандарттарын жақсарта аламыз деп сенемін», – деп атап өтті ол.
Жоба аясында МИБ және ПИК төрағаларына арналған «Көппәтерлі тұрғын үйлердің мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно